«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ А. КӘРІБОЗОВАНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖОО-НЫҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

 

7-8 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А.Кәрібозованың Алматы қаласына жұмыс сапары өтеді.
 
Жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен және салалық ұйымдарымен кездесулер жоспарланып отыр.
 
Кездесулерде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті «Болашақ» бағдарламасындағы барлық соңғы өзгерістер, 2021 жылы стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстың ерекшеліктері туралы ақпарат береді, «Болашақ»бағдарламасы шеңберінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өту, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу мәселелері бойынша кеңес береді.