Халықаралық бағдарламалар орталығының алаңында «Bolashaq» Қауымдастығы Кеңесінің көшпелі отырысы өтті

 

2020 жылғы 20 қарашада Халықаралық бағдарламалар орталығының алаңында «Болашақ» халықаралық стипендиясының 27 жылдығына арналған «Bolashaq» Қауымдастығы Кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

 

Отырыс «Болашақ»: Табыс тарихы» тақырыбына арналды. Оған Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова, Кеңес төрағасы Бақтияр Мәкен және Қауымдастықтың Кеңес мүшелері мен құрметті мүшелері қатысты.

 

2001 жылдың 30 наурызында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлері «Болашақ» Қауымдастығын құрды. Қауымдастықтың мақсаты түлектердің күш-жігері мен тәжірибесін біріктіру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында қазақстандық жастардың белсенділігін арттыру болып табылады.

 

«Болашақ» президенттік стипендиясымен аттас Қауымдастық бүгінде еліміздегі табысты қоғамдық ұйымдарының біріне айналды.
2001 жылдан бастап «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері білім беру, білім трансфері, сарапшылық әлеуетті қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту саласында 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды.

 

Кездесу аясында отырысқа қатысушылар «Болашақ» бағдарламасының туған күніне орай ашылған «Bolashaq Success Stories – Wall of Fame» мұражайымен татысты. Мұражайға «Болашақ» тарихындағы үздік түлектердің портреттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңсесінен алынған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы ресми құжат көшірмелері мен тарихи фотосуреттері қойылған.

 

Осы мұражайды іске асыруға септігін тигізген бағдарламаның түлектері – Елдар Теңізбаев пен Санжар Кенжеханұлы екенін де айта кетейік.