Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті тағайындалды

 

Халықаралық бағдарламалар орталығы Директорлар кеңесінің шешімімен Орталықтың вице-президент лауазымына Данияр Ерланұлы Мұқитанов тағайындалды.

 

Ол «Болашақ» стипендиаттарын іріктеу мен конкурстық рәсімдерге, оқуды ұйымдастыру мен бақылауға, түлектермен жұмыс, қоғаммен байланыс және талдау мен стратегиялық даму ісіне жетекшілік ететін болады.

 

Данияр Мұқитанов 1989 жылы туған. Қазақстан Менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген және саясаттану саласындағы әлеуметтік ғылымдар бакалавры академиялық дәрежесін алған. Кореядағы Хангук шет тілдер университетінің (HUFS, Сеул) «Халықаралық даму» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Сондай-ақ, беделді Chevening халықаралық стипендиясын жеңіп ала отырып, Ұлыбританиядағы University of Sheffield оқу орнының «Көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

 

Данияр Мұқитанов еңбек жолын ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК жетекші маманы лауазымынан бастаған. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» РМК, «Кәсіпқор» холдингі ҰАҚ халықаралық ынтымақтастық департаментінде қызмет етті және «APEC Petrotechnic Жоғары колледжі» ЖШС директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

 

Ұлыбританияда оқуын аяқтағаннан кейін 2016 жылғы қаңтарда мәдениет пен білім беруді дамыту саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйым – Британ Кеңесінде (British Council) беру саласындағы жобалардың менеджері ретінде жұмысқа кірісті. Ал 2019 жылғы тамыздан бастап білім беру және әлеуметтік бағдарламалардың басшысы лауазымын атқарды.
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» ҰАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Чивнинг» стипендиаттар бірлестігі ҚБ тең құрылтайшысы және төрағасы, Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады.