Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:

 

ü  жеке куәлік және төлқұжат;

ü  қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;

ü  мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

ü  мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын, бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген құжаттардың көшірмесі (қаржылық шарттарды қоспағанда);

ü  Шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары бар осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімнің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін);  

 

Магистр дәрежесін алуға ауылдық жерден шыққан үміткерлер

 

ü  жеке куәлік және төлқұжат;

ü  қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломы, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты;

ü  еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек қызметін жүзеге асырудың соңғы 2 (екі) жылдағы аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;

ü  В1-ден кем емес нәтижесімен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  шетелге шығатын адамдар үшін 072/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

ü  тұрғылықты жері туралы Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан алған мәліметтер.  

 

 

Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

 

ü  жеке куәлік және төлқұжат;

ü  қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;

ü  мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

ü  мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын және бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген құжаттардың көшірмесі (қаржылық шарттарды қоспағанда);

ü  Шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары бар осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімнің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін); 

ü  Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген және мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін  осы жетекші шетелдік жоғары оқу орны белгілеген мерзімнен аспайтын жеке оқу жоспары;

 

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:          

 

ü  жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;

ü  жеке куәлік және төлқұжат;

ü  қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;

ü  еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне сәйкес аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;

ü  тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

ü  шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

ü  тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның атынан тағылымдама өту мерзімі, құны көрсетілген (есеп-айырысулар толық жазылған), мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шартсыз шақыртуын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда);

ü  Жұмыс органы бекіткен талаптарға сәйкес құрылған және тағылымдамаға жіберуші әрі қабылдаушы  ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы.

 

 

1-қадам.

Талаптарға сәйкес келу

 

2-қадам.

Қажетті құжаттарды жинақтау

 

3-қадам.

Көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру

 

4-қадам.

3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту:

1-тур – Кешенді тестілеу;

2-тур – ТСК мүшелерімен дербес сұхбат;

3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

 

5-қадам.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады. Шарт жасасу рәсімі туралы толық ақпарат Шарттар бөлімінде орналастырылған