- #41240 (тақырып жоқ)
- #39535 (тақырып жоқ)
- #23172 (тақырып жоқ)
- #41357 (тақырып жоқ)
- Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының менеджері
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды ұйымдастыру шарты үшін деректемелер
- «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе бас тартқан тұлғалар үшін деректемелер
- «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлер үшін шет тілін білуінің қажетті ең төменгі деңгейі
- «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау туралы
- • Представители за рубежом
- 11111111
- 2021 жылға арналған басым мамандықтар тізбесі
- Bolashaq Digital №2
- Bolashaq kitaphanasy
- Bolashaq журналы
- Booking (test)
- Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
- PHD ЖӘНЕ БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРА
- phd-докторантура
- test-emoji
- test-feedback
- Аванс және өтеу
- Азия, Океания және ТМД елдері
- Ай сайынғы стипендия
- Академиялық оқу
- АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУ
- Академиялық оқу
- Академиялық оқу
- АҚШ СТИПЕНДИАТТАРЫ ҮШІН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
- АҚШ, Канада
- Алғы сөз
- Бағдарлама жайында
- Бағдарлама тарихы
- Бағыттар бойынша түлектердің сауалнамасы
- Байланыс
- Байланыс телефоны
- Банк карталары
- Бару картасы
- Басты бет
- Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі
- Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі
- Біздің жетістіктер
- БІРІНШІ БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
- Бланк пен өтініштер үлгісі
- Бос орындар
- ВИЗА РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ АВИАБИЛЕТ
- Виза рәсімдеу және авиабилет
- Главная
- Докторантура
- Еңбекпен өтеу мониторингіне түсініктеме
- Еуропа елдері
- Жетістік тарихы
- Жетістік тарихы
- Журнал
- Жұмыс берушіге
- Жұртшылықпен байланыс басқармасының бас менеджері
- Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы
- Зерттеу және стратегиялық даму басқармасының басшысы
- Зерттеулер және стратегиялық даму басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)
- Ізденушілердің профильдері
- КАНАДА СТИПЕНДИАТТАРЫ ҮШІН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
- Канада стипендиаттары үшін консулдық есепке алу бойынша нұсқаулық
- Келісім-шарттар
- Келісім-шарттар
- Кері байланыс
- Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл
- Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл
- Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының басшысы
- Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының менеджері
- Қағидалар
- Қажет етілетін құжаттар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2013 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАЗАНДАҒЫ № 413 «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЙБІР ШАРАЛАР ТУРАЛЫ БҰЙРЫҒЫ
- Қалай жұмыс беруші болуға болады
- Қаржыландыру туралы
- Қаржылық есептілік
- Қатысу талаптары
- ҚОСЫМША КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ
- Құжат үлгілері
- Магистратура
- Магистратура
- Мәндес мамандықтар тізбесі
- мемлекетаралық гранттар
- Мемлекеттік қызметтер
- Мониторинг және есеп
- МҮЛІК КЕПІЛІН АУЫСТЫРУ РӘСІМІ
- Мүлік кепілін ауыстыру рәсімі
- Нұсқаулықтар
- Оқу ақысы
- Оқу бағдарламасы
- Орталық құрылымы
- Орталық құрылымы
- Өтініштер рәсімі
- Представители за рубежом
- РЕЗИДЕНТУРА
- Солтүстік Америка, ТМД, Азия және Океания елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының менеджері
- Степендиатқа
- Стипендия иегерлері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы актілер және қоғамның меморандумдары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Тағылымдама
- Тағылымдама
- ТАҒЫЛЫМДАМА
- Тағылымдамалар
- Тағылымдамалар
- Тағылымдамалар АҚШ, Канада
- Талаптары
- Тізбелер
- Топ-Менеджмент
- Трудоустройство
- Түлекке
- Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының бас менеджері
- Үміткерге
- Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі
- Шарт жасау және наразылық-талап қою жұмысы басқармасының басшысы
- Шарттық және наразылық-талап қою жұмысы басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)
- Шетелдік өкілдіктермен байланыс
- Шығыстарды растайтын құжаттар тізімі
- Біздің түлектер
- Директорлар кеңесі
- Біздің команда
- Обладатели стипендии от 27 августа 2013 года
ҚЫТАЙДА ОҚУ ГРАНТЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Қытай үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде 90 білім грантын және бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша Қазақстан азаматтары үшін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде 17 грант бөледі.
Талаптары:
– Қазақстан Республикасының азаматы болу;
– бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;
– магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;
– докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;
Конкурс жеңімпазы үшін шетелде академиялық оқуы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралуы және 3 (үш) жыл мерзіммен үзіліссіз еңбек қызметін жүзеге асыру міндетті шарт болып табылады.
«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқу тек қана қытай тілінде жүргізіледі.
Назар аударамыз!!! Оқуда жүрген үміткерлер оқу бөлімі куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген, мектептен (колледж, жоо) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.
Грант келесі шығыстарды қамтиды:
- тегін оқу;
- бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 2,800 CNY, магистратураға – 3000 CNY, докторантураға – 3,500 CNY;
- медициналық сақтандыру;
- жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен 700 – 1000 CNY);
Көрсетілген гранттар туралы ақпарат мына вебсайтта жарияланған: http://campuschina.org/content/details3_74776.html (үміткер осы сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтеді).
ЖОО мен мамандықтардың тізімі мына сілтемеде: http://www.campuschina.org/universities/categories.html
Грантқа қалай өтінім беруге болады?
2021 жылғы 5 ақпанға дейін Қытай сайтында онлайн тіркеуден өтіңіз. Тіркеуге сілтеме: http://campuschina.org/content/details3_74776.html
Құжаттардың толық пакетін 2021 жылғы 11 қаңтардан 5 ақпанға дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыру.
Құжаттар тізімі:
– білімі туралы құжаттар;
– таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда);
– PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (болған жағдайда);
– заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілілігін растайтын құжаттың түпнұсқасы – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы;
– көп балалы отбасынан шыққан балалар-бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары;
– шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыру көшірмесінің мемлекеттік тілдегі нотариалды куәландырылған аудармалары* (бар болған жағдайда);
– құжаттарды үшінші тұлға арқылы ұсынған жағдайда, конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін үміткердің өкілге берген нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы қажет.
Төмендегі қызметтер арқылы құжаттарға қабылдау жүргізіледі:
– «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon
– «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау арқылы қолма қол http://bolashak.gov.kz/.
Ескерту: Пандемия жағдайында карантин режимін сақтау үшін құжаттарды онлайн түрде «электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы беруді ұсынамыз.
Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес әңгімелесу.
Қорытынды комиссия ұсынатын үміткерлерді бекіту.
Үміткерлердің баллдары тең болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балаларға; көп балалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлерге басымдық беріледі.
Қытай тарапы стипендиаттардың түпкілікті тізімін бекітеді.
Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы көруге болады:
Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық
Бұл стипендия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен реттеледі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_
№2 қосымша
Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы