Құрметті достар!

Жаңа оқу жылы да аңдатпай келіп қалды. Бұл кезең әрқайсымызға өте ыстық шақ. Осы мейірлі мереке – Білім күні оқушылар мен ұстаздарымызды, білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерін жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 1698 білім беру саласының қызметкерлері «Ғылыми-педагогикалық қызметкер», «Ғылыми қызметкер», «Педагогика қызметкері» санаттары бойынша білім алды. Қазіргі таңда 1510 түлек бастауыш, орта мектептерде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және білім беру бағдарламаларын іске асыратын орталықтарда еңбек етуде.

Білім күні – білімді де, парасатты ұрпақты қалыптастырудың негізінде тұратын ұстаздарға тағзым ету, білім алудың адам өміріндегі басты құндылық екенін паш ету.

Сондықтан әріп үйретуден бастап, ғылыми дәрежеге жеткізетін ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында жаңа жобаларын іске асыруда толағай табыс тілеп, барлық оқушыларға «Болашақ» білімді жастардың қолында екендігін тағы бір мәрте еске саламыз!

Оқу жылы ғылыми жетістіктер мен шығармашылық жеңістерге толы болсын!

Құрметпен,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ