Құрметті үміткерлер!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК бірлесіп үміткерлерге «ҚАЗТЕСТ» тестілеу жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында келесі қалаларда көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді:

 

Нұр-Сұлтан қаласы: 2020 жылдың 4, 5, 6 тамыз күндері

Уақыты: I кезек сағат 09:30-дан – 13:00-ге дейін, II кезек сағат 13:30-дан – 17:30-ға дейін.

Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, Бизнес Центр «EXPO», Блок С2–1, 2-қабат;

Алматы қаласы: 2020 жылдың 4 тамыз күні

Уақыты: I кезек сағат 09:30-дан – 13:00-ге дейін, II кезек сағат 13:30-дан – 17:30-ға дейін.

Мекен-жай: Алматы қаласы, Төле Би 86, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 3 қабат,319 аудитория;

Атырау қаласы: 2020 жылдың 5 тамыз күні.

Уақыты: сағат 10:00-ден – 13:30-ға дейін.

Мекен-жай: Атырау қ., Баймұханов 45а, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, 2-корпус, 2-қабат, 221-аудитория.

Өскемен қаласы: 2020 жылдың 6 тамыз күні

Уақыты: 09:30-дан – 13:00-ге дейін.

Мекен-жай: Өскемен қ., Қабанбай батыр 74, №19 қосымша білім беру мектеп-орталығы.

Маңызды ақпарат: үміткер тестілеуге жеке куәлік түпнұсқасын, қалам, өшіргіш және Казтест тестілеуіне төлем жасалған түбіртекті алып келуі тиіс. Тестілеуге кешіккен үміткер емтиханға жіберілмейді.

Үміткерлер тестілеу кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы керек және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.

 

Тестілеудің өтетін уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің          e-mail поштасына жіберілетін болады.

 

Уақыт туралы хабарлама поштаңызға келмеген жағдайда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады: + 7 (7172) 76 90 82.

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР: http://kazakhtest.kz/kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы 4 841 теңге тұрады).