ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ШЕҢБЕРІНДЕ ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

 

2021 жылғы 13 мамырда Польша Республикасының жоғары оқу орындарында үкіметаралық гранттар шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Польша Республикасының жоғары оқу орындарында 11 адам оқуға ұсынылды. Резервтік тізімге 6 адам енді.

 

Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу белгіленген регламент бойынша өткізіліп, әр үміткерге дайындық деңгейін анықтау үшін үш міндетті сұрақ қойылды:

 

– мамандық таңдаудағы мотивация және хабардарлық;

– теориялық білім және оқудағы немесе таңдаған мамандық саласындағы жетістіктер;

– ойлау логикасы, сөйлеу сапасы, жеке қасиеттері және ситуациялық есептерді шешу дағдылары.

 

Қорытынды комиссия үш өлшемшартты (шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа бағасы) бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі тізімге енгізді.

 

Білім беру гранттарын тағайындау туралы қорытынды шешімді Польша  тарапы қабылдайды.

 

Егер іріктеу процесіне және алған балыңызға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, мына электрондық поштаға жүгіне аласыз: info@bolashak.gov.kz

 

Үміткерлердің тізімі