ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

 

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау үшін Алматы қаласында көшпелі сертификатталған тестілеу өткізуді жоспарлап отыр:

 

2021 жылғы 13 мамырда, I-лек уақыты: сағат 09:30 бастап 13:00 дейін, II-лек: сағат 13:30 бастап 17:00 дейін.
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алматы Менеджмент Университеті», Розыбакиев көшесі, 227, Атриум 1-қабат.

 

Маңызды ақпарат: үміткер өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «КАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртекті алып келуі тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер емтиханға кіргізілмейді.

 

Үміткерлер тестілеу кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.

 

Тестілеу өткізу уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің e-mail поштасына жіберіледі. Өткізілетін уақыты туралы хабарлама келмеген жағдайда, мына берілген телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 76 90 82, эл.пошта: nurmanov@bolashak.gov.kz

 

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/…/rekvizity-dlya-oplaty-za… (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)