ӘЗІРБАЙЖАНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 4 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Ислам ынтымақтастығы ұйымына және Қосылмау Қозғалысына мүше елдердің азаматтары үшін Әзербайжан Республикасының Жоғары оқу орындарында білім беру гранттарының негізінде 2020-2021 оқу жылында білім алуға 4 оқу гранты (2 негізгі, 2 қосымша) бөлінгенін хабарлайды.

 

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

– Тегін оқу;

– Шәкіртақы;

– Әуе билеті;

– Жатақхана;

– Медициналық сақтандыру;

– Тіркеу.

 

Үміткерлер өз білімдері туралы ақпаратпен бірге қосымшадағы өтініш формасын толтырып, 2020 жылғы 10 ақпанға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне жолдауы қажет.

Өтінім мен қажетті құжаттар тізімі

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Елшіліктің + 7 7172 75-55-27 телефонына және nursultan@mission.mfa.gov.kz электронды поштасына хабарласу қажет.