«Bolashaq Digital» ғылыми-танымдық журналының кезекті саны жарық көрді

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және стипендияны жұмсау бағыттарын анықтау Ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы енгізілген өзгерістермен журналымыздың кезекті санынан оқып, толықтай таныса аласыздар. Бұл биылғы жылы стипендияға құжат тапсыруға ниет танытқан үміткерлерімізге де, стипендиаттар мен түлектеріміз үшін де аса маңызды деп ойлаймыз.
Covid-19 пандемиясы кезінде медицина саласы бойынша түлектеріміздің індетпен күреске қосқан үлесі зор болды. Біз олардың ерен еңбегін аса бағалаймыз және мақтанышпен айта аламыз. Сол себепті, журналдың бір бөлігі осы аққалатты түлектерімізге арналды.
Сондай-ақ, журналда шетелге оқуға аттанғалы отырған стипендиаттарымызға да пайдалы кеңестер берілген. Пандемия кезінде шетелдік оқу орындарының оқыту форматы және шетелге оқуға барған соң бірінші кезекте көңіл аударатын мәселелер туралы да мәлімделген. Жалпы, үміткерлерге қойылатын талаптардан бастап, стипендиаттарымыздың пандемия кезінде оқу барысы және түлектеріміздің жетістіктері туралы баяндайтын шығарылымымыз Сізге қажетті, маңызды ақпаратты бере алады деген ойдамыз.