Үміткерлердің назарына!

Халықаралық бағдарламалар орталығы 2020 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеудің 1, 2 турларын өткізу жоспарланғандығын хабарлайды.

21 қыркүйектен бастап электронды пошталарға жеке кабинетке кіру үшін логин мен құпия сөзі бар хабарламалар, сондай-ақ sms хабарламалар тарату басталады.

Телефон нөміріңіз бен электронды поштаңыздың дұрыс көрсетілгендігін мұқият тексеріңіз.

Сіз барлық хабарламаларды онлайн платформадағы жеке кабинетіңізде бақылай аласыз, сондай-ақ онлайн іріктеу турларынан өтіп, қабылданған шешім туралы біле аласыз.

Конкурстық іріктеуге дайындық бойынша ұсыныстармен танысуды және өзіңізді тиісінше техникалық жағынан (компьютер, микрофон, камера, браузер, стандартты калькулятор) қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Кешенді тестілеуді 2020 жылдың 26 қыркүйегінде өткізу жоспарланып отыр. Тестті Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 00:00 – 23: 59 дейін тапсыруға болады.

2020 жылғы 29-30 қыркүйекте ТСК-мен әңгімелесу жоспарланған, сұхбаттасуға жазылу кешенді тестілеуден өткеннен кейін белгілі болады.

Конкурстық іріктеуге дайындық бойынша ұсыныстар ресми сайттымыздың Үміткер бөлімінде орласқан.