5 қараша күні «Болашақ» бағдарламасына 27 жыл толады!

 

 

Өздеріңіз білетіндей, 1993 жылы 5 қарашада Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы 27 жыл бойы ел жастарының шетелдің ең үздік жоғару оқу орындарында білім алып, келешегінің жарқын болуына себепкер болып келеді.

 

Тәуелсіздігіміздің алғашқы қиын жылдарында жастарға ел экономикасы мен өнеркәсібін ілгерілетуде үлкен үміт артылды. Ол үміттің ақталғандығын Елбасы өз сөзінде: «Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми зерттеулер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр. Біз «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс шешім болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр», деп атап өткен болатын.

 

Бағдарламаның туған күнін атап өту мақсатында біз бір апта бойы президенттік стипендияның атаулы сәттері туралы ақпарат беріп, «Болашаққа» еңбегі сіңген азаматтар мен шетелдік серіктестердің стипендия туралы ой-пікірлері мен құттықтау лебіздерін ұсынатын боламыз.

 

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысты викториналық сүрақтар үлестіріліп, жеңімпаздарды анықтаймыз.

Success story бейне байқауы бойынша ең мықтының есімін анықтап, сыйлықтар табыстаймыз.

 

Сондықтан, біздің ақпараттық желілерімізде белсенді болып, 27 жылдықты бірге атап өтуге шақырамыз!