«Bolashaq ǵalymy» – Азат АБДУЛЛАЕВ

 

 

«Bolashaq ǵalymy» – Азат АБДУЛЛАЕВ

 

Азат Ирландияның Trinity College Dublin оқу орнын «Физика» мамандығы бойынша PhD дәрежесімен тәмәмдаған.

 

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің постдокторант зерттеушісі болып қызмет атқарады.

 

Ол «Жартылай өткізгіш электроникаға арналған бір режимді және толқын ұзындығы реттелетін лазерлердің дизайны мен сипаттамасы» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

 

Қазір постдокторант ретінде зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Азат ғылыми зерттеу жұмысының арқасында дифракциялық торлардың параметрлерін оңтайландыра отырып, олардың оптикалық қуатының ең аз шығынына қол жеткізді. Сондай-ақ, оның зерттеулері қажетті спектрлік қалыңдықты алуға мүмкіндік туғызды.

 

Ғалым, бұл лазерлер болашақ оптикалық байланыс жүйелерінде толыққанды сигнал көзі ретінде пайдаланылатынына сенімді.