«Bolashaq ǵalymy» – Тимур Омаров

 

Таныс болыңыздар, «Bolashaq ǵalymy» – Тимур Омаров

 

Ұлыбританияның King’s College London оқу орнынан «Копьютерлік ғылым» мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.

 

«Analytical Business Computing: Bridging the Semantic Gap between Requirements and Design Using Model Driven Architecture» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізді.

 

«Бұл зерттеу тақырыбы бағдарламалық жасақтама саласында өзекті болып саналады. Осы тәсіл арқылы қазіргі кезде әртүрлі сыртқы өзгерістерге қарсы тиімді компьютерлік бағдарламаларды құрудың көптеген мәселелері шешілуде», дейді Тимур.

 

Ғалымның айтуынша, модельге негізделген сәулет тәсілі Қазақстанда жаңа бағыт болып табылады және жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Бұл тәсіл Қазақстанның информатика саласындағы ғылыми қауымдастығы үшін өте қызықты, себебі ол компьютерлік бағдарламаларды жасаудың өмірлік циклінің тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

 

Қазір Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры болып қызмет атқарады.

 

Зерттеу жұмысының нәтижелерін магистранттар мен докторанттарға білім беру кезінде қолдана отырып және докторананттарға ғылыми жетекшілік етіп келеді.