«Bolashaq ǵalymy» – Шолпан Асқарова

 

«Bolashaq ǵalymy» – Шолпан Асқарова

 

University of Missouri (АҚШ) оқу орнынан «Биологиялық инженерия» мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.

«Альцгеймер ауруы кезінде ми жасушаларының зақымдалуына қатысты молекулалық және жасушалық механизмдерді зерттеу» бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

Ғалымның зерттеуі нәтижесінде Альцгеймер ауруы бар науқастардың миындағы патофизиологиялық үрдістерді тереңірек түсінуге ықпал ететін және ақыл кемістігі бар науқастарды емдеудің жаңа әдістері мен дәрі-дәрмектерін жасауға негіз болатын бірқатар жаңа мәліметтер алынды.

«Қазақстанда алдағы онжылдықта халықтың қартаю процесі басталуы мүмкін. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың аяғында республикадағы 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 6,7% құрады (Смайлов, 2014). Еліміздегі тұрғындардың саны 18 миллионнан асқанын ескерсек және әлемдік статистикаға сүйенсек, Қазақстанда кем дегенде 115 000 адам егде жасына байланысты деменциямен (ақыл кемістігі) ауыруы мүмкін деп болжауға болады. Қазақстанда бұл тақырыпқа әлі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген және жасына байланысты патологиямен ауыратын науқастардың нақты статистикалық мәліметтері жоқ», – дейді Шолпан Асқарова.

Қазір ғалым Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы (NLA), Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ол бірқатар ғылыми жобалардың жетекшісі.