«Bolashaq ǵalymy» – Құралай Атагелдиева

 

Құралай Атагельдиева Асахикава Медицина Университетінен (Жапония) “Эндокринология” мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.

 

Қазір Назарбаев Университеті Медицина мектебінің оқытушысы.

 

Құралайдың докторлық ғылыми жұмысы SGLT-2 ингибиторлары және төмен көмірсулы диетаның бүйрек пен бауырдағы глюконеогенез және гликоген құрамының өзгеру үрдістеріне әсер етуін зерттеуге бағытталды.

 

Ғылыми жұмысының нәтижесінде диабетке қарсы пайда болған жаңа дәрі-дәрмек тобының басқа да жанама әсерлерін анықтады.

 

Бүгінде ғалым Қазақстанда қант диабетінің нақты таралуын анықтауға және қант диабетінің асқынуларын бағалауға бағытталған 2 эпидемиологиялық зерттеулерге қатысуда.

 

Сонымен қатар ол студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстарға жетекшілік жасайды.