CЕРБИЯДА ОҚУҒА 2 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

 

Сербия Республикасының Үкіметі «Сербиядағы Бейбітшілік» жобасы аясында 2020-2021 оқу жылында Белград, Нови-Сад, Крагуевац және Ниш университеттерінде білім алу үшін студенттер, магистранттар мен докторанттарға арнап екі стипендия ұсынады.

 

Грант келесі шығындарды қамтиды:

 

– Серб тілін үйренуге арналған тегін дайындық курстары (Серб тілінің онлайн курсы және Сербия Республикасына келгеннен кейінгі серб тілінің қарқынды курсы);·       

– Тегін оқыту;·       

– Ай сайынғы жәрдемақы;·       

– Студенттік орталықтарда тегін тұру және тамақтану;·       

– Міндетті медициналық сақтандыру;

– Өтініш берушінің тұрғылықты жеріне оралу жолақысы;

– Тегін резиденттік виза;

– Орта мектеп дипломдарын тегін танып, қабылау;

– Жоғарғы білім туралы дипломдарды тегін танып, қабылдау.
 

Үміткерлер өз білімдері туралы ақпаратпен бірге қосымшадағы өтініш формасын толтырып, 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Министрліктер үйі ғимараты, 11 кіреберіс мекенжайына жолдауы қажет.

 

Өтінім мен қажетті құжаттар тізімі

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Елшіліктің + 7 (7172) 741612 телефонына хабарласу қажет.