Тағылымдама
Тағылымдаманы аяқтағаннан кейін 15 күн ішінде стипендиаттар мына құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Сіздің атыңыз бен тегіңіз, тағылымдама кезеңіңіз бен мамандығыңыз көрсетілген Тағылымдамадан өту туралы сертификат (көшірмесі тапсырылады). Мамандық Сізге Республикалық комиссия тағайындаған мамандыққа сәйкес келуі керек.
2. Тағылымдама қорытындысы туралы Қорытынды есеп. Сіз өз қалауыңыз бойынша қажетті/қажетсіз тармақтарды қоса немесе алып тастай аласыз. Құжатта Сіздің қолыңыз міндетті түрде болуы тиіс!
3. Тағылымдама жетекшісінің пікірі
4. Қазақстанға кіргеніңіз туралы белгісі бар паспорт бетінің көшірмесі.
5. Тағылымдаманы аяқтағаны туралы өтініш.
Тағылымдама кезеңі 6 айдан асатын стипендиаттар да жарты жылдық есеп пен жетекшінің жарты жылдық пікірін ұсынуы қажет. Егер Сіз оны тапсырған болсаңыз, жіберудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар, Шартқа сәйкес Сізге бағдарламаға және тағылымдамадан өту мерзімдеріне өзгерістер енгізуге болмайды және тағылымдама бағдарламасына сәйкес барлық-іс-шараларды орындау қажет.
Қол қойылмаған бос құжаттар қабылданбайды.Өзіңізге ыңғайлы болу үшін барлық есептік құжаттарды сканерден өткізіп, кураторыңызға электрондық почта арқылы жібере аласыз.
Түпнұсқаларды почта арқылы жіберудің қажеті жоқ.
Егер Сізде қосымша сұрақтар болса, кураторыңызға хабарласыңыз!
Сонымен қатар тағылымдамадан өту шартының 2.3.13-тармағын мұқият қараңыз, онда тағылымдама қорытындысы бойынша қандай құжаттар тапсырылатыны көрсетілген.