QUESTIONS AND ANSWERS

 

Достар,

 

Q&A (questions and answers) айдары аясында біз сіздерге ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін боламыз.

 

Бүгінгі тақырып: Пандемия кезінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына оқытуды ұйымдастыру.

 

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын ақпараттық қолдау үшін қандай арналар бар?

 

– Стипендиаттардың сұрақтары мен өтініштеріне тиімді әрі жедел әрекет ету мақсатында Bolashaq Students Support Telegram каналы жұмыс істейді. Сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда стипендиат мына телефондар арқылы: +7(7172) 76 90 70 – Ұлыбритания және Кұрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасына; +7 (7172) 24 93 71 – Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхит елдерінде оқуды ұйымдастыру басқармасына хабарласа алады.

 

Айта кету керек, стипендиаттарға ыңғайлы болу үшін барлық жұмыс телефон қоңыраулары кураторлардың ұялы нөмірлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, стипендиаттар өздерінің өтініштерін Халықаралық бағдарламалар орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жолдай алады:

 

Олар Facebook-те Bolashaq Presidential Scholarship және Instagram парақшасында Bolashaq.cip атауларымен белгілі.

 

Пандемияға байланысты қандай елдер студенттерге виза беруді тоқтатты?

 

2021 жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша Австралия, ҚХР, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапонияда оқу үшін студенттік визаларды беру тоқтатылды.

 

ҚР аумағында қашықтан оқыту форматындағы стипендия мөлшері қандай және оны кім белгілейді?

 

– Қазақстанға оралып, күндізгі-қашықтан оқыту форматында оқуын жалғастырған студенттердің шәкіртақысы 280 мың теңгені құрайды. Қаржыландыру шығыстарының нормалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің №163 Бұйрығымен бекітілген.

 

Шетелде студенттерге коронавирус жұқтырған жағдайда медициналық сақтандыру бар ма?

 

– Университет ұсынатын медициналық сақтандыру және шет елдердің денсаулық сақтау жүйелеріне сәйкес коронавирусты емдеу қызметтері қарастырылған.

 

Студенттік визаны алу үшін қандай құжаттар қажет?

 

– Қажетті құжаттардың толық тізімімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: