SUCCESS STORY видео-баянына байқау

 

British Council Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесе отырып, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында үздік SUCCESS STORY видео-баянына байқау жариялайды.

 

Байқау «Болашақ» бағдарламасының 27 жылдығы мен «Study UK Alumni Awards 2020-2021» жаһандық сыйлығының ашылуы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

 

Сіз «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған британдық университеттің түлегі болсаңыз және өзіңіздің айтқыңыз келетін жетістік баяныңыз бар болса, онда біз сізді күтеміз!

 

Байқаудың ережелері:
– Британдық ЖОО-да оқыған «Болашақ» бағдарламасының түлегі болу;
– Қазақстан аумағында тұру;
– «Study UK Alumni Awards 2020-2021» тіркелу;
– Facebook-тегі @kzbritish, @Bolashaq Presidential Scholarship, @Bolashaq Talent Management әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жазылу;
– Өзіңіздің жетістігіңіз туралы бейне түсірілім әзірлеу;
– Бейне материалды pressbolashak@gmail.com поштасына жіберу.

 

Бейне материалға қойылатын талаптар:
– Ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;
– Көлденең фомат.

 

Өтінімдер 2020 жылғы 19 – 30 қазан аралығында қабылданады;
Бейне түсірілімдерге дауыс беру 2020 жылдың 1 – 5 қараша аралығында Халықаралық бағдарламалар орталығының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жүргізіледі.

 

Жеңімпаздың есімі 2020 жылғы 5 қараша күні сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) белгілі болады.

 

Байқау жеңімпазы Apple MacBook Air 13.3 Retina Silver ноутбугін иеленбек.