SUCCESS STORY

 

Сәуле Бахбаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ресей Ғылым академиясына қарасты Эксперименттік лимфалогия ғылыми-зерттеу институтында «Биология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

 

Қазіргі уақытта Торайғыров университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Биология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры ретінде қызмет атқаруда. ЖОО-дағы еңбек жолын кафедраның лаборанты лауазымынан бастады.

 

Жетістіктері:

 

– Сәуле Бахбаева жалпы еңбек өтілі 23 жыл, жоғары оқу орнында 17 жыл, оның ішінде 9 жыл оқытушылық қызметпен айналысып келеді;

 

– 2013 жылы «Экология» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді;

 

– 2016-2019 жылдары «Биология» мамандығы бойынша докторантурада оқып, докторлық диссертацияны сәтті қорғады;

 

– Жас ғалымдар арасындағы «Сенім» ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпазы (Түркия, Кемер, 2012 ж.);

 

– Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Институт ғалымдарымен бірлесіп жүргізілген ісік өсуі және метастаздың тежелуі жағдайында бауыр жасушалары мен тамырларын зерттеу бойынша жұмыс нәтижелері іргелі лимфологияға, жасушалық биологияға және морфологияға елеулі үлес қосты, медицина үшін қолданбалы және тәжірибелік маңызы бар;

 

– Отандық және халықаралық ғылыми басылымдар мен журналдарда жарияланған 30 ғылыми жұмыс, сондай-ақ 10 мақала, 3 оқу құралы, 1 электронды оқулықтың авторы;

 

– «Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Ағылшын тіліндегі оқыту және қайта оқыту», «Пәндерді оқыту әдістемесі», «Anwendung von Methoden der Dendrochronologie und Dendroökologie in der Ökologie und Biologie» және т.б. тақырыптарда семинарлар өткізген;

 

– ҚР БҒМ ҰБТ бойынша бірнеше мәрте өкілі.