SUCCESS STORY

 

Жанерке Әбубәкір – «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

 

Ұлыбританияның University of Sheffield оқу орнынан «Білім беру» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Қазіргі уақытта Ақтау қаласындағыYessenov University «Білім беру» мектебінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша декан орынбасары. Білім беру саласындағы еңбек жолын Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларындағы «Білім-инновация» лицейлерінде мұғалім-психолог болып бастаған.

 

Жетістіктері:

 

– 2020-2021 оқу жылдары Yessenov University оқу орнының «Білім беру мектебіне» «Педагогика» факультетін Ұлыбритания университеттерінің үлгісінде трансформациялау жұмысы тобының мүшесі;

 

– «Білім беру мектебінің» құрылымын жасақтау, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, мектептің ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау және жергілікті мектептерге ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысуда;

 

– Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебімен бірлесе отырып, осы жобаларды іске асыруда Yessenov University профессорлық-оқытушы құрамына ғылым және зерттеу жұмыстарын, мектеп стратегиясы, академиялық мәселелер жөнінде семинар, вебинарлар жұмыстарын жүргізуде ұйымдастырушылық қызметін атқаруда.