SUCCESS STORY

 

Әділжан Шоманов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияның Newcastle University оқу орнынан «Машинақұрастыру» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

АҚШ-тағы «Wabtec» халықаралық компаниясының сертификатына ие. Lean менеджмент саласында Lean 6 sigma бойынша қара белбеу иегері.

 

Өзінің еңбек жолын өнеркәсіптің түрлі салаларында инженер лауазымынан бастаған. Қазіргі уақытта «Қамқор Менеджмент» ЖШС өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры және «Kamkor Service» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарады.

 

Жетістіктері:

 

– 2011 жылы «Тұлпар Тальго» ЖШС жұмысын бастады, онда оның тікелей қатысуымен испандық Patentes Talgo S.L. компаниясының F061 (тар шанақты) жобасының жолаушылар вагондарын шығару жүзеге асырылды;
– 2013 жылы техникалық директор лауазымында F065 (кең шанақты пойыздар) жобасын, қазақстандық өндірістің «Тұлпар Тальго» жаңа жүрдек жолаушылар вагондарын әзірлеуді басқарды;

 

– 2015 жылы Evolution (General Electric) ТЭ33А локомотивтеріне арналған дизельді қозғалтқыштар шығаратын жаңа зауыт құрылысының жобасын сәтті басқарды;

 

– 2017 жылдан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС-да, тартқыш жылжымалы құрамға қызмет көрсету бойынша сервистік компанияда басшылық лауазымдарды атқарды, онда «Toyota production system» баламасы бойынша өндірістік жүйені енгізуге қатысты жобаларды және өндіріс тиімділігін арттыру жобаларын басқарды.

 

Қысқа мерзім ішінде Әділжанның басшылығымен:

 

– Локомотивтердің тоқтап қалуымен байланысты шығындар 40%-ға дейін қысқартылды;

 

– Жекелеген учаскелер бойынша еңбек өнімділігі 70%-ға дейін арттырылды;

 

– Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі енгізілді, бұл қызмет сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

 

Қазіргі уақытта Әділжанның негізгі лауазымдық міндеттеріне компанияның инновациялық дамуы және жобаларды әзірлеу кіреді.