SUCCESS STORY

 

Ботагөз Бұралқиева «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ноттингем университетінен «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жұмыс істейді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті.

 

Жетістіктері:

 

– Ботагөз академияны дамытуға және жаһандық қатерлерге қарсы тұру бойынша идеяларды ілгерілетуге бағытталған бірқатар жобаларды қолға алып, іске асырды;
– Халықаралық және шетелдік серіктестермен жемісті ынтымақтастық жолға қойылды, серіктестер тарапынан академияны институционалдық дамытуға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дамуына қосымша ресурстар жұмылдырылды;
– Ботагөз Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының бірлескен әзірлеушісі болып табылады;
– 2003-2011 жылдары-Қазақстандағы БҰҰДБ бірқатар жобаларының менеджері, олардың 2-уі Орталық Азия өңіріндегі жылдың үздік жобалары ретінде бағаланды;
– «Innovative Manager of a year» атағының иегері;
– 2020 жылы Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы жетістіктері үшін және мінсіз қызметі үшін II дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған.