SUCCESS STORY

 

Талғат Құрманов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, АҚШ-тың University of Pittsburgh Medical Center оқу орнынан онкоурология мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

 

Қазіргі уақытта «Ұлттық онкология ғылыми орталығы» АҚ-да онкоуролог болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктері:

 

– Қазақстанда қуықасты безі обыры және бүйрек обыры сияқты нозологиялар кезінде аз инвазивті операциялар енгізген;
– Еліміздегі онкологиялық науқас азаматтар үшін 1700-ден астам онкоурологиялық операция (бүйрек, қуық, қуықасты безі обыры және т. б.) жасаған;
– Қуықтың қатерлі ісігі және бүйрек қатерлі ісігі сияқты ауруларда ағзаны сақтайтын операцияларды жүргізіп келеді;
– Онкоурология саласындағы әлемдік кәсіби мамандарды шақыра отырып, Қазақстан клиникаларында әртүрлі хирургиялық шеберлік сабақтарын ұйымдастырған;
– Несепағардың созылған құрылымдары кезінде бүйректерді аутотрансплантациялау өнертабысына бір патентті әзірлеуші;
– Американдық урологтар қауымдастығының мүшесі (American Urological Association);
– 2019 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды;
– 40-тан астам мақаланың авторы, 2 әдістемелік құралдың бірлескен авторы;
– Онкология орталығының базасында күн сайын Назарбаев Университеті Медицина мектебінің резидент-докторлары мен студенттерін оқыту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Оларға аурухана өмірінен тәжірибелік сабақтар өткізіп тұрады;
– Үздіксіз өзін-өзі жетілдіру мақсатында жыл сайын АҚШ, Ресей, Беларусь, Израиль, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық конференцияларға қатысып тұрады.