SUCCESS STORY

 

Мәди Қонақбаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. University of St. Andrews оқу орнынан «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Қазіргі уақытта «Қазпочта» АҚ-да сыртқы байланыстар және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің бас менеджері болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктері:

 

– Дүниежүзілік пошта Одағында, халықаралық пошта ұйымдарында (PostEurop, IPC, РСС және т. б.) қазақстандық поштаның мүдделерін ілгерілетіп келеді. Шетелдік пошта әкімшіліктерімен, электрондық коммерциямен және саудамен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізеді;
– «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде 17 халықаралық ұйымның ұйымдастырушылары мен өкілдері арасындағы байланысқа жауап берді (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИРЕНА, ОПЕК және т.б.). «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты ұйымдастырғаны үшін жетістік сертификатымен марапатталған;
– Әр жылдары Қазақстанның имиджін шетелде ілгерілету бойынша көптеген жобаларды іске асыруға атсалысты, еліміздің мүдделерін қорғай отырып, екі жақты жобаларды іске асыруға қатысты;
– Халықаралық әріптестермен кездесулер шеңберінде ҚР Премьер-Министрі мен министрлеріне түрлі салаларда бірізді және ілеспе аударманы жүзеге асырды;
– 2016 жылы Австрияның Бейбітшілік және қақтығыстарды шешу бойынша оқыту орталығының сертификатымен марапатталды.;
– АЭФ іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін ҚР Мәжіліс спикері Н. Нығматуллиннің алғыс хатымен марапатталған, 2012 ж.;
– Жұмысқа орналастыру елшісі және Назарбаев Университеті тәлімгерлік бағдарламасының қатысушысы;
– Сент-Эндрюс Университетіндегі Қазақ қоғамдстығының негізін қалаушы;
– Сент-Эндрюс университетіндегі ағылшын тілін оқыту орталығының (ELT) ұлттық өкілі.