SUCCESS STORY

 

Дархан Біләлов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, АҚШ-тың Northeastern University оқу орнынан «Педагогика ғылымдары және әлеуметтік саясат магистрі» дәрежесін алған.

 

Қазіргі уақытта Назарбаев университетінде профессор ассистенті болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктері:

 

– Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тұжырымдамасын жазуға қатысты;
– 2008-2009 жылдары ҚР Білім министрлігінің тапсырысы бойынша Дүниежүзілік банк үшін Қазақстанда әлемдік деңгейдегі университет құрудың техникалық тапсырмасын әзірледі;
– Ғылым және технологиялар мектебін, сондай-ақ Назарбаев университетінің Білім мектебін құру бойынша жұмыс істеді.
– Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының командасымен еліміздің 43 ЖОО-нан 1000 оқытушы қатысқан сауалнама арқылы бүкіл Қазақстан бойынша ірі сандық зерттеу жүргізді. Түрлі елдердің университет оқытушыларымен ірі халықаралық зерттеулерге қатысып тұрады;
– Қазақстандағы және шетелдегі университеттердің шақыруы бойынша баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрады;
– Ғылыми жобаларға қатысып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде сабақ береді;
– Назарбаев университетінің жалдау жөніндегі комитет мүшесі.