SUCCESS STORY

 

Сұраған Дурвудхан – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның King’s College London оқу орнынан «Теориялық физика» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің қауымдастырылған профессоры болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктері:

 

ҚР ҰҒА ең жас корреспондент-мүшесі (2017 ж.), математик ғалым;

 

2010 жылы екі халықаралық грант жеңіп алды: «Spectral Theory and Partial differential equations» (Ганновер қ., Германия,) және «Локалды емес аймақтық міндеттер және заманауи талдау мен информатика мәселелері» (Нальчик қ., РФ);

 

– 2014 жылы «Heidelberg Laureate Forum 2014» атты грантты жеңіп алып, Халықаралық ғылыми форумының лауреаты атанды (Хейдельберг қ., Германия);

 

– 2014 жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д. А. Қонаев атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды;

 

– 2008-2017 жылдар аралығында Сұраған Дурвудхан халықаралық рейтингтік басылымдарда 27-ден астам ғылыми жұмыс (WebofScience/Scopus), отандық рецензияланған журналдарда 12-ден астам мақала және халықаралық конференцияларда 30-дан астам баяндама жариялады;

 

– Сұраған Дурвудхан цитаталары шетелде ең жиі қолданылатын Қазақстанның жас ғалымы;

 

– Қазақстанның атынан ICMI (IMU – Халықаралық математикалық қоғам), ISAACgroup өкілі және MathematicalReview (AMS-американдық математикалық қоғам) рецензенті болып табылады.