SUCCESS STORY

 

Әсия Ермұхамбетова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, University College London-да «Мұнай-газ ісі. Мұнай химиясы және мұнай-химиялық синтез» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

 

Әсия ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыра отырып, University College London-да (Ұлыбритания) химиялық инженерия бойынша PhD докторы дәрежесіне ие болды.

 

University College London жанындағы электрохимиялық инновациялар зертханасында жүргізген зерттеулері кезінде ол алғаш рет in-situ режимінде литий-күкірт электродының микроқұрылымын зерттеу үшін көп масштабты микроскопия мен томографияны қолданды.

 

2011 жылдың тамыз айында Назарбаев Университетіндегі инженерия мектебіне оқытушының ассистенті болып қабылданды. Ол химиялық инженерия бағдарламасы бойынша бірқатар курстарды оқыту мен бірнеше зерттеу жобаларына қатысты.

 

Әсия Ермұхамбетованың ғылыми қызығушылықтарына энергияны сақтау жүйелері, энергетикалық материалдар, электрохимия, электрохимиялық құрылғылар, микроқұрылым, микроқұрылымды сандық талдау және инженерлік білім кіреді.

 

Әсия Ермұхамбетова 2015 жылғы «Thomson Reuters» (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми және техникалық ақпарат орталығы) сыйлығының, Sakura ғылыммен алмасу бағдарламасының (ғылым саласындағы Жапония және Азия жастарының алмасу бағдарламасы), Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне арналған «Талап» стипендиясының, мұнай-газ саласындағы үздік шығармашылық және ғылыми жұмысы үшін «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының стипендиясының иегері.

 

Сонымен қатар, Әсия мынадай кәсіби халықаралық қауымдастықтардың мүшесі:
Американдық химиялық инженерлер қоғамы (AIChE), Электрохимиялық қоғам (ЕСЅ), Жоғары білім академиясы (HEA, Ұлыбритания).

 

Бүгінде Әсия Ермұхамбетова Young Researchers Alliance – Жас ғалымдар альянсын басқарады.