АЛДАЖҰМАНОВА ШЫНАР МЕРКЕНҚЫЗЫ

Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: Эссекс университеті
Оқу бағдарламасы:  Бакалавриат (2007-2010 жж.)
Мамандығы:  Экономика
Оқу елі: АҚШ
Жоғары оқу орны: Калифорния университеті, Беркли
Оқу бағдарламасы:  Тағылымдама (2017-2018 жж.)
Мамандығы:  Халықаралық қаржы орталықтарының қызметі
 

Шынар Меркенқызы Алдажұманова өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде бастап, онда ЕЭК әріптестерімен бірге Еуразиялық экономикалық одақ келісіміндегі макроэкономикалық бөлімінде және Кеден одағы туралы келісім шеңберіндегі қосымша құжаттарды дайындауға ат салысты. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен ЕурАзЭҚ интеграциялық процесі аясында экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша аналитикалық есептерді дайындауға үлес қосты.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес компаниясы «Kazyna Capital Management» акционерлік қоғамында қызмет атқарумен қатар, Ш. Алдажұманова Kazakhstan Infrastructure Fund құрумен және инфрақұрылымдық инвестициялық қорлардың мониторингімен айналысты.
2016 жылдан бастап Ш. Алдажұманова АХҚО-да қызмет атқарады. Ол әріптестерімен бірге АХҚО биржасын (Astana International Exchange) құру мен мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату бағыты бойынша жұмыс жасайды.
2019 жылдан бастап AIFC Green Finance Centre жасыл қаржы орталығын дамытумен, яғни Компанияны жеке заңды тұлға ретінде тіркеу, компанияның брендингі мен PR-ын дамыту, Компания мен ЕҚДБ, АДБ, GGKP, Tsinghua University және басқа халықаралық ұйымдармен жасыл қаржы саласында серіктестік қатынастарды рәсімдеу,  сонымен қатар АХҚО қор биржасында жасыл облигацияларды шығару бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынумен айналасады.