ҮМІТБАЕВ БЕРІК АЛТАЙҰЛЫ

Оқу елі: Ресей Федерациясы
Жоғары оқу орны: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2010-2012 жж.)
Мамандығы: Құқықтану, корпоративтік құқық
 

Берік Алтайұлы Үмітбаев Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген жылдары исламдық лизинг қағидаттарын одан әрі дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірлеуге тікелей қатысып, исламдық қаржыландыру принциптерін әзірлеуге және енгізумен айналысқан. Сонымен қатар, ол зейнетақы жүйесі, сақтандыру нарығы, лизингтік операциялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеген жылдары Б. Үмітбаев Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің, кейіннен Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге белсенді қатысты.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты басқару органы – Еуразиялық экономикалық комиссиясында жұмыс істей отырып, Б. Үмітбаев Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауға және жоюға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кедергілерді анықтау және жою бойынша іскер топтар өкілдерімен өзара әрекеттесуге тікелей қатысады.